jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Үш ай жырақта жүрді": Ләйлә Сұлтанқызы ұлымен қауышқан әсерлі сәтті көрсетті (видео)

    Ләйлә Сұлтанқызы ұлымен
    Ләйлә Сұлтанқызы ұлымен. Видеодан кадр: Instagram/sultankyzy

    Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде қуанышты жаңалығын жария етті. БАҚ өкілі үш ай бойы көрмеген ұлымен қайта қауышқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы Жаңа жыл қарсаңында үлкен ұлы Нидерландыдан елге оралғанын хабарлады. Тележүргізуші тіпті тұңғышымен қауышқан сәтінен әсерлі видео жариялап, желіде жазба қалдырды.

    БАҚ өкілі үш ай жырақта жүрген ұлының бойынан қандай өзгеріс байқағанын айтып, оны әкесіне ұқсатты.

    "Бүгін төр сенікі, балам. 3 ай жырақта жүріп, есейгені кәдімгідей байқалады. Екінші Қайрат. Әкесінен дарыған мінезі ме деп қоямын. Жатақханасының бөлмесін айнадай қылып, тамағын өзі дайындап, таза киініп жүргені. Бастысы адам болсын, адал болсын! Сағадат оқудан демалысқа келіп, көзайым болып жатқан жайымыз бар", - деп жазды Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында.

    "Үш ай жырақта жүрді": Ләйлә Сұлтанқызы ұлымен қауышқан әсерлі сәтті көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.