"Бәрібір салыстырасың": ел алдында күйеуін мақтаған Алтынай Жорабаева халыққа жақпай қалды
Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде жаңа видео жариялап, жолдасын ел алдында мақтады. Өнер иесі көпшілікке отағасының өзіне деген асқан қамқорлығын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алтынай Жорабаева бүгінде жолдасы бар жағдайын жасап отырғанын айтты. Әнші Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеода тіпті бір жерге шығарда күйеуі көлігін арнайы дайындап қоятынын жеткізді.
Алайда өнер иесінің ел алдында күйеуін мақтағаны кейбір келіншектерге жақпай қалған. Эстрада жұлдызының сөзінше, олар өз ренішін білдіріп жазған.
"Бензинімді толтырып, сағызды қойып, ішетін суыма дейін дайындап қояды. Әлішердің осындай қамқорлығын көрсеткенде көп әйел маған ренжиді. "Сіз осылай айтасыз, біздің еркектеріміз мұның біреуін де істемейді" деп жазады. Олай ер-азаматтарыңызға ренжімеңіздер! Әдей мақтанып немесе сіздерді шағыстырып отырған жоқпын. Менің ер азаматым өзі сондай. Соған қуанып салып жатқаным ғой. Бірақ саналы түрде бәрібір салыстырасың ғой. "Бұрын қандай болдым" деген сияқты ойлардың болатыны жасырын емес. Кейде өзінен де сұраймын: "Неге осылардың бәрін өзің жасайсың, маған неге жасатқың келмейді" деп. "Мұндай тірліктер менің еркек ретіндегі – міндетім. Менің қалауым. Өзім осындай қамқорлық жасағаннан ләззат аламын. Кім не ойласа да – ол оның ойы" деді. Осындай сөздеріне қуанамын”, – деді әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2204096-baribir-salystyrasyng-el-aldynda-kuieuin-maqtagan-altynai-zhorabaeva-halyqqa-zhaqpai-qaldy/