Шоубиз

Зектілері

"Әкем Роза Рымбаеваға ғашық болған": "Istedim" әнінің орындаушысы есімінің тарихын айтты

Жарияланған күні:

Роза Зергерлі мен Роза Рымбаева
Роза Зергерлі мен Роза Рымбаева. Видеодан кадр: Instagram/dubsmash_kaz

Әзербайжанның танымал әншісі, Tik-Tok желісінде хит болған "Istedim" әнінің орындаушысы Роза Зергерлі өз есімінің тарихын айтып, көпшілікті таңғалдырды. Өнер иесі сөзінше, оның аты қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаеваның құрметіне қойылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Зергерлі Қазақстанға келген бойда бірден Роза Қуанышқызымен кездескен. Қос жұлдыздың кездескен сәтінің видеосы Instagram желісінде тарап кетті.

"Екі Роза болып отырмыз. Мейрамханаға келіп, амандасып, құшақтасып отырмыз. Туғандар сияқтымыз. Қызығы оның есімін менің құрметіме қойған екен", - деді Рымбаева

Оған қоса әзербайжандық әнші атының шығу тарихына қатысты қызықты оқиғаны айтып берді. Сөзінше, оның әкесі отставкадағы генерал-майор кезінде Роза Рымбаеваға ғашық болған. Сол себепті қызына әйгілі қазақ әншісінің есімін берген.

"Жанкүйерлер бізді көргенде дірілдеп, қобалжып кетеді. Ол сезімді енді өзім де сезіндім. Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Бұл нағыз шынайы махаббат. Менің атымды Роза Рымбаеваның құрметіне қойған. 1979 жылы Роза ханым 21 жаста "Любовь настала" әнімен "Жыл әні" марапатын алды. Осы әйелге ғашық болып, жанкүйері болып, маған Роза деп ат қойғаныңа рақмет, әке. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді", - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2204126-akem-roza-rymbaevaga-gashyq-bolgan-istedim-anining-oryndaushysy-esimining-tarihyn-aitty/