Мақпал Жүнісова Қырғызстанда ерекше марапатқа ие болды (видео)
Опубликовано:
Қазақ эстрадасының жұлдызы Мақпал Жүнісова Қырғызстанда мәдени шараға қатысып, ерекше марапатқа ие болды. Бауырлас елде өнер иесіне үлкен құрмет көрсетілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мақпал Жүнісова ерекше марапатқа ие болғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады. Эстрада жұлдызы Бішкекте өткен саланатты шарадан видео жариялап, көпшілік назарына ұсынған.
Бейнежазбада жүргізушінің Мақпал Жүнісоваға аты жазылған "Музыка сыйлығы" марапатын табыстап жатқанын көруге болады.
Өнер иесі өзіне үлкен құрмет көрсеткен қырғызстандықтарға алғысын айтты.
Мақпал Жүнісова салтанатты шарадан бөлек қырғызстандық арналардың бірінде қонақта болып, сұқбат берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2204643-maqpal-zhunisova-qyrgyzstanda-erekshe-marapatqa-ie-boldy-video/