Шоубиз

Зектілері

"Өкінішсіз, қиындықсыз болмайды": өнер жұлдыздары өткен жылды қорытындылады

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары 2024 жылды қорытындылап, желіде жарыса жазба жариялауда. Өнер иелері осы жылда жеткен жетістіктерін тізіп, басынан өткен қиын жағдайларды да еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әртістердің арасынан алғашқылардың бірі болып Айгүл Иманбаева жылды қорытындылады. Өнер иесі 2024 жылға өкпесі жоқ екенін айтты.

"Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт. Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп. Бәріне алғысым шексіз жаратқанға. "М,ен кіммін?" "Қайда барам?", "Менің ең соңғы аялдамам қандай?" деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Не алдым? Не беремін? Әрине бұл жолда тек бір жаратушымнан қуат, денсаулық сұрап, тек даму жолында болу керектігін түсінесің", - деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.

Отандық әнші Роза Әлқожа бұл өзі үшін нағыз тазару жылы болғанын алға тартты. Ол 2024 жылы өкініш пен қиын жағдайлар да болғанын жасырмады.

"Жыл аяқталып жатыр. Барлық қызық-қуаныш үшін рақмет, 2024! Әрине, өмір өкінішсіз, қиындықсыз болмайды. Бірақ, шырғалаңынан шаттығы көп болды. Аты айтып тұрғандай карма жылы - тазару, жаңару, жаңғыру жылы болды, шүкір! Үйде де, сапарда да, сахнада да елеулі істер ішінде жүрдік. Алдағы жылдан күтер айбынды сәттер көп. Аяулы, әзиз ғұмырды абыройлы жандармен ұмытылмастай өткізе беруге жазсын! Еліміз аман, жеріміз аман болсын", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.

Белгілі актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова бұл жылға алғыстан басқа айтары жоқ екенін жеткізді.

"Мені тапқан Әке-шешеме ризамын. Ағайын-туыс бауырларыма ризамын. Көрермендерге ризамын. Қараңғы етіп жаратпағанына ризамын. Жалқаулықтан сақтағанына ризамын. Жаман әрекетке әуес қылмағанына ризамын. Жәй сөздің адамы болмағаныма ризамын. Өнер аламанын да, еңбек ете алатыныма, ризамын. Көмекке келе алатыныма ризамын. Несібеме ризамын. Екі жүзді болмағаныма ризамын. Мені жақтырмайтын адамдар, еңбегімді іштей мойындайтындарына ризамын. Өзімізге риза болайық оқырмандарым", - деп жазды актриса Instgaram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2206673-okinishsiz-qiyndyqsyz-bolmaidy-oner-zhuldyzdary-otken-zhyldy-qorytyndylady/