jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Осылай қарғайтындай не істеппін": Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына жауап берді

    Ерке Есмахан
    Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

    Отбасымен Италияға демалысқа аттанған Ерке Есмахан оқырмандарының бірі көңіл күйін түсіріп қойғанын айтты. Өнер иесі желіде өзін сынап, жағымсыз пікір қалдырған аруға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында Милан қаласынан жаңа фотолар жариялап, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен. Алайда әншінің кейбір суреттері оқырмандардың біріне жақпай қалған. Бейтаныс ару оған жағымсыз пікір қалдырған.

    "Мақтаншақ, Алла бір күні жазанды береді. Күте тұр", - деп жазған ол.

    Желі қолданушысының бұл сөздері өнер иесінің ашуын тудырған. Ерке Есмахан көп күттірмей, оған желіде жауап берді.

    "Осылай қарғайтындай не істеппін? Күте тұр деп қояды. Ал мен сізге бар жақсылықты тілеймін. Әркімнің сөзі өзіне айналып келеді деген қағида бар ғой. Қызметте жүрген, оқыған, қарапайым отбасыдан шыққан қыз сияқты. Біраө сөздері қандай лас. Түсініксіз", - деп жазды Ерке.

    "Осылай қарғайтындай не істеппін": Ерке Есмахан өзін сынаған оқырманына жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.