Шоубиз

Зектілері

"Маңдайымызға біткен бақсың": Мақпал Жүнісова 61 жасын қалай атап өткенін көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова 61 жасқа толды. Өнер иесі жаңа жасын қалай атап өкенін KAZ.NUR.KZ материалынан көре аласыздар.

Мақпал Жүнісова өнердегі өзге әріптестері секілді туған күнін той жасап, дүркіретіп атап өтпеген. Ол жаңа жасын тек ет-жақындарымен үйде тойлауды шешкен. Әншінің туыстары құшағын гүлге толтырып, оны ерекше күтіп алған.

Өнер иесі жақындарымен қара шаңырақта бас қосып, олардың ыстық ықыласына бөленді. Эстрада жұлдызы Instagram-дағы парақшасында отбасылық отырыстан бірнеше видео жариялап, оқырмандарына туған күні қалай өткенін көрсетті.

Бейнежазбалардың бірінде Жүнісованың дастархан үстінде анасымен сөйлесіп отырғанын көруге болады. Әншінің анасы оны жаңа жасымен құттақтап, ақ тілегін айтқан.

"Мақпал, маңдайымызға біткен бақ, дәулет шығарсың. 5-6 қыздың ішінен сені маған осындай өнерлі етіп берген шығар. Халықта сенікіндей дауыс жоқ. Басқа кісі сенің дауысынды сала алмайды. Анаң болғаннан кейін ба, сенің дауысын маған аса ерекше. Осы өнерің мен дауысыңмен Қазақстанның Халық әртісі атандың. Бүкіл халық сыйлайды. Қазақстан тік тұрады. Апалардың өзі бас иіп тұрады. Құдайдың берген абыройы шығар. Сен болмасаң Мақпал Жүнісованың анасы деп мені танып, ерекше қарсы алмайтын еді. Менің қызым халықтың қалаулы, сүйіп тыңдайтын әншісі", - деді анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2210913-mangdaiymyzga-bitken-baqsyng-maqpal-zhunisova-61-zhasyn-qalai-atap-otkenin-korsetti-video/