jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бесік құда боламыз": Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек өздері туралы ел білмейтін жайтты айтты

    Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин
    Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазин. Видеодан кадр: Youtube/Dinara Satzhan

    Танымал тележүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек өздері туралы ел білмейтін жайтты ақтарды. Әзілкештер болашақта құда болғысы келетіндерін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек бұл қалауының болашақта орындалуына ниет етіп, перзенттері дүниеге келмей жатып бесік құда болғандарын айтты.

    "Менің келіншегім тұңғышымызға жүкті, ал Мараттың келіншегі үшіншісіне аяғы ауыр. УДС (УЗИ) түсуге барып менде ұл екенін, оныкі қыз екенін біліп, "құдеке" деп әзілдескен едік. Кейін екінші УЗИ-де бізге ұл деді. Болды енді құда бола алмаймыз дегенде Мараттардыкі қыз екенін естідік. Сосын қайтадан "ооо, құдеке" деп әзілдестік", - деді Еркебұлан Мырзабек. 

    Марат Оралғазин бұл айтылған сөздер әзіл болғанымен, болашақта орындалып жатса қатты қуанатынын жасырмады.

    "Бұл, әрине, әзіл болды. Жақын дос болған соң әзілдеп, ырымдаған едік. Негізі ниет қой. Ниетіміз орындалып жатса, әрине, қуанамыз", - деп жауап берді Марат Оралғазин Динара Сәтжанға берген сұқбатында. 

    "Бесік құда боламыз": Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек өздері туралы ел білмейтін жайтты айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.