jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Келін ене топырағынан": қазақ тілінде өлең оқыған Бүркіттің келіншегі елді тәнті етті (видео)

    Бүркіт пен Аиша
    Бүркіт пен Аиша. Видеодан кадр: instagram.com/ berkut_aibekjan

    Қалың көпшілікке Аиша болып танылған әнші Виктория Жансейітова желіде жаңа видео жариялап, елді тәнті етті. Қалың көпшілік қазақ тілінде өлең оқыған Бүркіттің келіншегіне жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Аяғы ауыр Аиша Instagram-дағы парақшасында поэзия оқыған видеосын бөлісіп, көпшілікті тамсандырды. Бейнежазбада өнер иесінің жағажайда серуендеп жүргенін көруге болады.

    "Бүгін қазақ тілінде өлең оқыған оңай емес екеніне көзім жетті. Мен бәрін әлдеқайда жеңіл деп ойладым. Енді мәнірлеп оқудың өзі бір өнер екенін түсіндім. Әр тілдің өз ерекшелігі бар. Сабырлық танытқан жолдасыма рақмет айтамын. Мінсіз оқи алмасам кешірім сұраймын", - деген жазба қалдырды әнші.

    Желідегілер Бүркіттің келіншегіне тәнті болып, оған жылы лебізін жаудырды.

    "Сізді жақсы көреміз", "Керемет орындау", "Тыңдай бергің келеді", "Ең сұлу әйел", "Келін ененің топырағынан деп бекер айтпаған екен ата-бабаларымыз. Аиша енесіне ұқсап, өлең оқығаны өте әсерлі, керемет көрініс", - деп жазуда көпшілік.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.