jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Қазақ қызы Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне шақырылды (видео)

    Дина Шайхислам
    Дина Шайхислам. Фото: Instagram / dina_shayk

    Қазақстандық саясаттанушы әрі балаларды дамыту CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі бойжеткеннің желі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ол бұл жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

    Бойжеткен видеода шақырту қағазын көрсетіп, онда инаугурация бағдарламасы, АҚШ демократиясының тарихы жазылғанын айтады.

    Желі қолданушылары саясаттанушыны құттықтап, оны мақтан тұтатынын жазған.

    "Қандай керемет, неткен деңгей, маған жібергендей мәзбін", "Шақыртуларының өзі қандай әдемі, әр бір беті мен әрпіне бар жанын беріп жасағандай", "Сізді мақтан тұтамыз, рақмет", - деп жазған пікір қалдырушылар.

    Еске салсақ, бұған дейін біз Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шамамен 250 мың адам қатысатыны туралы жазған болатынбыз.

    Іс-шара 20 қаңтарда өтеді. Осыған орай қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл күні Колумбия аймағын 25 мың әскери қызметкер мен полицей күзетеді. Бұдан бөлек, Ұлттық гвардияның 8 мың сарбазы мен өзге штаттардан қосымша тағы 4 мың полиция қызметкері келеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.