jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шамамен 250 мың адам қатысады

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brandon Bell / Getty Images

АҚШ президентін ұлықтау рәсіміне 250 мыңдай адам қатысады, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шара 20 қаңтарда өтеді. Осыған орай қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Бұл күні Колумбия аймағын 25 мың әскери қызметкер мен полицей күзетеді. Бұдан бөлек, Ұлттық гвардияның 8 мың сарбазы мен өзге штаттардан қосымша тағы 4 мың полиция қызметкері келеді.

Салтанатты іс-шараның барлық шығыны америкалықтардың салығы есебінен қаржыландырылады. Ал мерекелік парад пен мерекелік кешті ұйымдастыру жағын Дональд Трамптың ұлықтау комитеті өтейді.

Бұл қорға 170 млн доллар жиналған. Комитеттің ірі донорлары арасында Uber, Ford, Meta, Amazonсекілді компаниялар бар.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайындық процесі жүріп жатқанын айтқаны туралы жазған едік.

Ол, сондай-ақ Украинадағы соғысты аяқтау үшін алты ай қажет деп есептейтінін айтқан болатын.

Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шамамен 250 мың адам қатысады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.