"Өзім шоктамын": Ерке Есмахан сатылымдағы өнімінің сапасына қатысты шағымдарға пікір білдірді
Жарияланған күні:

Танымал әнші Ерке Есмахан жуырда сатылымға шығарған төл өнімі - "Ерке Сотуардың" сапасына қатысты шағымдарға жауап берді. Ол өңі өзгеріп кеткен сотуарлары үшін елден кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші сотуарлардың сапасына қатысты өзінің Instagram парақшасында жазды. Әншінің жазуынша, алтын жалатылған сотуарлардың кейбірі қарайып кеткен және осы жайт бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Құрметті арулар! "Ерке Сотуар" - менің идеям! Менің жүрегімнен шыққан туынды. Сіздерге менің ақ тілегім, оған күмән болмасын. Бірақ сапасы жағы көңілімді түсірді. Өзім шоктамын. Кей сотуарлар өңін өзгертіп жатыр екен. Неше күннен бері мұның себебін зерттеп жатырмыз командамен. Шебер бұл жерде екі нұсқа бар дейді. 100 пайыз қолдан жасалған бұйым болғандықтан кейбіреуінде "брак" (ақау - ред.ескертпесі) бар деп мойындап тұр. Екіншісі, "күміске алтын жалатылғандықтан, тағушының денсаулығында ақау бар болса, бұйым өңін өзгертеді", дейді. Күміс - емдік металл. Мұны да естен шығармайық", - деп жазды ол.
Сонымен бірге ол біздің елде жасалған бұйымдардың сапасына қатысты ойын жеткізді.
"Осының бәрін дұрыстап қадағаламаған кінә менен және командадан. Қазақ шеберлері барлық бұйымды мінсіз жасап беретініне сендім, бірақ Made in Kazakhstan. Енді қайтемін, ондай-ондай болады біздің елде.
Минус іздеп, оны тауып, қуанып жариялап жатқандарға ештеңе дей алмаймын", - деп жазды ол.
Одан бөлек әнші оқырмандарына үндеу жасап, сотуарлар қарайып жатса, командасына хабарласуды сұрады.
"Егер сотуар қарайып, өзгеріп жатса, командаға хабарласыңыздар. Проблеманы шешіп береді. Дым уайымдамаңыздар. Мені таба алмай қалмайсыздар. Алдарыңызда жүрмін, Қазақстанға қайтып келемін", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2213381-ozim-shoktamyn-erke-esmahan-satylymdagy-onimining-sapasyna-qatysty-pikir-bildirdi/