jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Екеуі де сымбатты": актер Саят Исембаев "Рэкетир" фильмінің тағы бір жұлдызымен қалай танысқанын айтты

    Саят Исембаев пен Мұрат Бисембин
    Саят Исембаев пен Мұрат Бисембин. Фото: instagram.com/issembayevsayat

    "Рэкетир" фильмі арқылы танылған актер Саят Исембаев осы фильмде бірге ойнаған әріптесі Мұрат Бисембинмен түскен архивтегі фотосын жариялап, онымен қалай танысқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ актердің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Архивтен тауып алдым. Бұл фотоға 20 жыл. Мұрат екеуміз сонау 2003 жылы "Каждый взойдёт на Голгофу" сериялының жобасында танысқан едік", - деп жазған актер Instagrаm желісінде жариялаған фото сипаттамасында.

    Желі қолданушылары актерлердің екеуі де өте сымбатты екенін, "Рэкетир" фильмі ең сәтті шыққан қазақстандық фильмдердің бірі екенін жарыса жазған.

    "Аңыз адамдар", "Руслан мен Саян бір-бірін толықтырып тұрған мықты кейіпкерлер", "Керемет актерсіздер", "Жалықтырмайтын кино", "Уақыт деген зымырап өтіп жатыр, кеше ғана осы фильм жарыққа шыққан сияқты еді", - деп жазуда желі қолданушылары.

    "Екеуі де сымбатты": актер Саят Исембаев "Рэкетир" фильмінің тағы бір жұлдызымен қалай танысқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.