jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Неткен сүйкімді еді": ұлының видеосын жария еткен Кети Топурия көптің таңдайын қақтырды (видео)

    Кети Топурия
    Кети Топурия. Фото: Instagram / keti_one_official

    38 жастағы A'Studio солисі Кети Топурия Instagram желісінде ұлының туған күнін тойлаған сәттерін бөлісіп, көпшіліктің таңдайын қақтырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бүгін сүйікті баламның туған күні, 4 жасқа толды, денің сау, бақытты бол, Адам", - деп жазды Кети видео астына.

    Желі қолданушылары бірден баланың әкесі Лев Деньговке тартып кеткенін жарыса жазған. Кети Топурия кәсіпкер Левке 2020 жылғы қарашада тұрмысқа шыққан.

    "Әкесіне тартқан. Құттықтаймыз", "Неткен сүйкімді бала, көз жауын алар отбасы. Туған күні құтты болсын", "Қандай сымбатты балақай", - деп ақ тілегі мен мақтауларын жаудырды пікір қалдырушылар.

    Еске салсақ, саяси қайраткер әрі кәсіпкер Лев Деньговпен бір жылдан астам уақыт жақын қарым-қатынаста жүрген әнші ақыры оған тұрмысқа шығып, 2020 жылы некесін қидыру сәтінен суреттерді желі парақшасында бөліскен еді.

    "Неткен сүйкімді еді": ұлының видеосын жария еткен Кети Топурия көптің таңдайын қақтырды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.