jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Ұйықтап жатса екен деп тілейтінмін": әнші Жазира Байырбекова бала кезінде неден қатты қорыққанын айтты

    Жазира Байырбекова
    Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

    Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында балалық шағын еске алып, неден қатты қорыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің айтуынша, бала күнінде ол иттен қатты қорыққан.

    "7-8 жасымда мектепке барар жолдағы бір үйдің итінен қатты қорқып өтетінмін. Үлкен ит. Адам өткен сайын жұлқынып, үрмей қоймайтын, шынжыры жолға дейін жететін. Мен өтерде ұйықтап жатса екен деп тілейтінмін. Босанып кетсе талайтыны анық. Сонда әке-шешемізге қорқып өтетінімізді неге айтпадым екен.

    Анам ешқандай көмекшісіз үй, аула, ауладағы бау-бақша шаруаларынан босамайтын. Әкеміз біз ұйықтап жатқанда жұмысқа кетіп ұйықтар алдында келетін.

    Жексенбі күнгі уақытын бізге арнап, еркелетіп, масақ теруге, немесе балық, құс аулауға ертіп баратын", - деп естелігін бөлісті Жазира Байырбекова.

    Әнші бір күні Сәбира есімді әпкесін ит тістеп алғанын айтады.

    "Әкем ашуланса ашуы қатты еді. Үйдегі мылтықты алып шығып итті атпақ болды. Сонда үйдің иесі "Оны атқанша мені ат" деп мылтықтың алдына тұрып алды. Әкем ашуын басып, ит аман қалды.

    Қазір ойлаймын, иттен қорқып жүргенімді ата-анама айтпағаным бала күнгі болмысым ба, әлде көпбалалы отбасында әр балаға жеке мән беріп үлгермеді ме, әлде анамның қолы босамайтын болған соң өз мәселемізді өзіміз шешіп жүрдік пе, немесе ата-анаға сезімдерімізді айтып үйренбедік пе екен?!", - деп ой қозғаған әнші әр заманның жақсы-жаман жақтары бар екенін айта кетті.

    Эстрада жұлдызының жазбасына пікір қалдырған желі қолданушыларының дені балалық шағында иттен қатты қорыққанын, қазір де иттен қорқатын жандар көп екенін жазған.

    "Ұйықтап жатса екен деп тілейтінмін": әнші Жазира Байырбекова бала кезінде неден қатты қорыққанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.