jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сәби сүюді аңсап жүрген танымал әзілкеш туған күнінде сүйінші жаңалығын айтты (видео)

    Елдос
    Елдос Қадірханов. Фото: instagram.com/eldos_kalabok

    "Елдос Колобок" есімімен танымал әзілкеш әрі асаба Елдос Қадірханов 33 жасқа толғанын ерекше атап өтті. Асаба Таразда 300-ге жуық адамның басын қосып, туған күнінде жақындарына сүйінші жаңалығын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Әзілкеш желіге көптен бері шықпай кетуінің себебі бар екенін жазды. Ол Таразда туған күнін атап өтіп, сол жиында жақындарына "өмірін өзгерткен" адамды таныстырды.

    Тойда сөз алған туған күн иесінің айтуынша, астаналық дәрігер күрделі ота жасап, оған әке атану мүмкіндігін сыйлады.

    "20 жасымда ұрпақ сүйе алмайсың деген диагноз қойылған. 33-ке келдім. 13 жыл өтті. Түркияға да барып емделдім. Астанада осы кісінің алдына бардым. Қазақстандағы үздік үштікке кіретін дәрігер. Үш жарым сағат операция жасады. Көзімді ашқанда осы кісіні көрдім. Бұл кісі маған "Сүйінші, енді сіз әке боласыз, шанс бар" деді. Қолыңыз дерт көрмесін! Бұл кісіні Таразға арнайы "мен үшін тілекші болып жүрген ортамды көріңізші" деп шақырдым.

    Содан бері менің өмірім өзгерді, байқасаңыздар мен қазір әлеуметтік желіге кірмеймін, мен 13 жыл Instagram-мен алдандым, уақытымды өткізіп жүрдім. Қазіргі арманым - құдай қаласа жұбайым баламды емізіп берсе болды, әрі қарай өзім қараймын. Басқа ештеңе қызық емес", - деді ол.

    Әзілкеш той қонақтарының алдында дәрігеріне алғыс айтып, жылқы мінгізді.

    Сәби сүюді аңсап жүрген танымал әзілкеш туған күнінде сүйінші жаңалығын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.