jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Нұрлан Қоянбаевтың вьетнамдық нұсқасы": желіден продюсердің "егізі" табылды

    Нұрлан Қоянбаевқа ұқсайтын ер адам
    Нұрлан Қоянбаевқа ұқсайтын ер адам. Видеодан кадр: instagram.com/asospanov/

    Желіде продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевқа ұқсайтын адамның видеосы тарады. Желі қолданушылары Вьетнамда автобус жүргізетін адамды продюсердің "егізі" деп атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Instagram-дағы Asospanov парақшасында жарияланған видео бірнеше күннің ішінде 860 мыңнан астам қаралым жинап үлгерді.

    "Нұрлан Қоянбаевтың вьетнамдық нұсқасы", - деп жазылған видео сипаттамасында. Бейнежазба авторы кадрдағы ер адамның Вьетнамда автобус жүргізушісі екенін айтады.

    "Вьетнамға келсем, Нұрлан Қоянбаев жүр екен, міне мына кісі, осында автобус айдайды екен", - деп таныстырады автор шетел азаматын.

    Бейнекамераға қарап, езу тартып күлген вьетнамдықты желі қолданушылары расында да Нұрлан Қоянбаевқа ұқсатқан.

    "Вьетнамдағы қазақша бизнес" фильмін түсірейін деп тұр ғой", "Енді осы жігітті Нұрлан Қоянбаев тауып алып, бір жаңа сценарий құрады", "Тістеріне дейін ұқсайды екен", "Нұреке" десе, жалт қарай ма?" - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

    Видеоны Нұрллан Қоянбаевтың өзі де көрген, актер бейнежазбаға өзінің Instagram-дағы парақшасын белгілеп кеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.