Шоубиз

Зектілері

"Қыз-жігіттер танымай қалды": әнші Кенжебек Жанәбілов мектеп қабырғасында қандай спортқа бейім болғанын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Кенжебек Жанәбілов қар үстінде
Кенжебек Жанәбілов. Фото: instagram/kenzhebekmuzart

"Музарт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов "1001" түн бағдарламасында қонақта болып, бала күнінде еңбекқор болғанын, сондай-ақ өнер жолын таңдамаса, кім болуы мүмкін екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"4 жасымда әкем дүниеден озды. Содан бері анамның өсиетін тыңдап өстік. Өнер анамның бойынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде тек өнер емес, еңбекке жақын болдым. Жетінші ме, әлде сегізінші сыныпта ма жер аударып, қауын-қарбыз да ектім. Өте еңбекқор болатынмын. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Сол кезде анам осы бала бәріңді асырайды деп айтатын", - дейді әнші.

Десе де, эстрада жұлдызы өнер жолын таңдамаса, спортшы болуы мүмкін екенін айтты. Әнші мектепте спортпен оның ішінде бокспен шұғылданған.

"Бір жыл мектепке бармай, спортпен айналыстым. 1,5 жыл бокспен шұғылдандым. Ол кезде артық салмағым болатын, 6 айдың ішінде 35-40 килограмм салмақ тастадым. Мектептегі қыз-жігіттер мені танымай қалды. Егер өнерге келмесем, спортпен айналысатын едім", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2216835-algash-ret-aityp-otyrmyn-anshi-kenzhebek-zhanabilov-esh-zherde-aitpagan-syryn-bolisti-video/