jitsu gif
Шоубиз

    Алтынбек Қоразбаев 77 жасқа толғанын ерекше атап өтті (видео)

    Алтынбек Қоразбаев
    Алтынбек Қоразбаевтың туған күні. Фото: instagram.com/m_besbaev/

    Танымал әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев 77 жасқа толғанын атап өтті. Мерейтойға ет жақындарынан бөлек, өнердегі шәкірттері, Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Алтынбек Қоразбаев туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде тойлаған. Туған күн кешінде түсірілген видеоларды тойда болған өнер жұлдыздары мен олардың жұбайлары Instagram әлеуметтік желісінде бөлісті.

    "Көке 77 жасыңыз құтты болсын! Амандықтарыңызды тілейміз!", - деп жазды Мейрамбек Бесбаев желідегі парақшасында тойдан фото жариялап.

    Мейрамбек Бесбаев, Алтынбек Қоразбаев, Тоқтар Серіков
    Мейрамбек Бесбаев, Алтынбек Қоразбаев, Тоқтар Серіков. Фото: instagram.com/m_besbaev/

    Тойда композитор шәкірттері – Мейрамбек Бесбаев, Тоқтар Серіков, Сәкен МайғазиевАлтынбек Қоразбаевты ортаға алып биледі.

    Сондай-ақ бұл кеште той қонақтары композитордың әндерін де орындады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.