"Қай әншіні таныдыңыз": желіде отандық жұлдыздардың ескі видеосы жарияланды (видео)
Жарияланған күні:

Instagram желісіндегі turkystan_kz паблигінде отандық жұлдыздардың 2000 жылдардың басында түскен видеосы жарияланды. Видеодан Қайрат Нұртас, "Жігіттер" тобы, сонымен бірге өзге де танымал әншілерді көруге болады.
Желіде жарияланған видеодан қазіргі жұлдыздардың жас кезін көруге болады. Олардың арасында Қайрат Нұртас, "Жігіттер" тобының мүшелері, Сәбит Әбдіхалықов, Жанатбек Бәйтеков, Жұбаныш Жексенұлы бар. Әншілер ортаға шығып, Жұбаныш Жексенұлының орындауындағы "Өкінбе сен" әніне би билеген.
Желі қолданушылары жұлдыздардың жастық шағын көріп, жылы лебіздерін жаудырды.
"Қайрош жұлдыз болатыны көрініп-ақ тұр", "Қайратқа колонкадан дауыс шықса болды билей беретін сияқты", "Бағланды айтам да, баяғыдан салмақты, артық іс-қимылы, сөзі жоқ. Нағыз ер азамат, сымбатты, әлі де сондай", - деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2218240-qai-anshini-tanydyngyz-zhelide-otandyq-zhuldyzdardyng-eski-videosy-zhariialandy-video/