Шоубиз

Зектілері

"Шоу-бизнеске жолымды ашқан адам": өнер жұлдыздары Бағым Мақсатқызының марқұм күйеуі туралы естелігін бөлісті

Жарияланған күні:

Әділжан Юсупов
Әділжан Юсупов. Фото: instagram.com/jayrun_official/

Қазақстандық өнер жұлдыздары белгілі әнші, музыкалық продюсер Бағым Мақсатқызына күйеуі – Әділжан Юсуповтың қазасына байланысты көңіл айтып, естеліктерін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әнші Аша Матай Instagram-дағы парақшасында марқұм жездесінің суретерін жариялап, өзін қалай еркелеткенін еске алды.

"Ауырады жүрек... Мейірімді жездем, мені балдызёнок деп еркелететін сүйікті Әділжан ағамыздан айырылып қалдық… Жақыныңды жоғалту – үлкен қайғы. Юсупов Әділжан Акимжанұлының жаны жәннатта болсын!", - деп жазды Аша Матай.

Әншіге желідегі оқырмандарымен қатар өнердегі әріптестері де көңіл айтып жатыр.

" Адеке... Иманды болсын", " Жаны жәннатта болсын", "Қазаның арты қайырлы болсын, Бағым ханымның ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтамын", - деп пікір қалдырған олар.

Танымал актриса Жарқынай Ханайым да марқұм Әділжан Юсупов туралы естелік айтты.

Айта кетейік, Әділжан Юсупов – Жарқынай Ханайымның продюсері әрі қайын ағасы. 

"Кеше ғана қасымызда отырған Әділжан ағамен бүгін қоштастық. Әрқашан қолдап, мотивация айтып, күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз", – деп жазды актриса.

Сондай-ақ өнер иесі марқұм көзінің тірісінде өзіне қалай қолдау білдіргенін жазды.

"Маған желтоқсан айының соңында үй жаққа келіп, дайын ән сыйлап, осыны шығаршы деп айтып, концертке қосамын, уайымдама, бәрі жақсы болады деп қолдап кетіп едіңіз. Маған ештеңе істеуге міндетті болмасаңыз да, әрқашан концерттерге қосып, қолдауға тырысып жүретін едіңіз. Продакшнға енді келгенімнен бастап жылы жүзбен қарсы алып, қолдап келдіңіз. Маған қиын кезде менің жеке психологым болдыңыз. Әділжан аға сондай күшті дос еді. Бүкіл махаббат желіміздің куәсі едіңіз", - деп жазды Жарқынай Ханайым.

Жарқынай Ханайым
Скриншот: instagram.com/stories/jarkynaixanaiym

Актриса Фариза Ескермес те "Джейран" тобының продюсері болған Әділжан Юсуповтың қазасы туралы хабарды ауыр қабылдағанын айтып, естелік жазба арнады.

"Әділжан Акимжанұлының өмірден озғанына сене алар емеспін... "Джейран" тобының продюсері, менің шоу-бизнеске жолымды ашқан адам. Бізге сенім артып, бізді қорғаған, бізге тек продюсер емес, дос, ұстаз, серік бола білген адам. Әділжан, жатқан жеріңіз жайлы болсын, мен қазір өте қасиетті мекенде жүрмін, сіз үшін дұға жасаймын", - деп жазды актриса Stories бөлімінде.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда белгілі музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жұбайы – продюсер Әділжан Юсупов өмірден озғаны хабарланған болатын.

Скриншот
Скриншот: instagram.com/stories/fariza_yeskermes

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2218721-shou-bizneske-zholymdy-ashqan-adam-oner-zhuldyzdary-bagym-maqsatqyzynyng-marqum-kuieui-turaly-esteligin-bolisti/