jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын": Фариза Төреәлі сіңлісіне тосынсый жасады (фото, видео)

    Фариза мен Дина Төреәлі
    Фариза мен Дина Төреәлі. Фото: instagram.com/farizatoreali

    Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі сіңлісін туған күнінде тосынсый жасап, қуанытты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Танымал блогер сіңлісі Дина Төреәліге көлік сыйлаған. Бүл туралы ол Instagram әлеуметтік желсіндегі парақшасында хабарлады.

    "Алла қалауымен сіңіліме тосынсый жасадым! Сені шын жүректен жақсы көремін. Әпкелік қамқорлығымды қабыл ал. Аллаһым тек жақсы күндерді нәсіп етсін. Ата-анамыз да осы қуанышқа тап бола қалғандарына, бұйырып келгендеріне шүкір. Бауырмалдығымыз, жанашырлығымыз арта берсін. Туған күніңмен, жаным сіңілім!

    Сансыз шүкіршілік. Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын. Тіпті өзіме алсам бұлай қуанбайтын шығармын. Жаным, сен бар жақсыға лайықтысың! Жақсы күндерде, игілігіңе міне ғой", - деп жазды ол.

    Ал Дина Төреәлі бұл 22 жасында үлкен тосынсый болғанын жазып, әпкесіне алғысын жаудырды.

    "Дұғаларымның бірі қабыл болып, бір арманым орындалған күн болды шүкір! Бұл менің тізгінімдегі үшінші көлігім. Алғашқысын 16 жасымда ата-анам салоннан сыйлаған болатын. 18 жасымда ағам аппақ үлкен көлігін сыйлады", - дейді ол.

    Өз кезегінде желі қолданушылары да құтты болсын айтып, осындай қуаныш өздеріне де бұйыруын тілеп, жылы лебіздерін жазып жатыр.

    "Қуанышымды айтып жеткізе алмаймын": Фариза Төреәлі сіңлісіне тосынсый жасады (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.