"Алланың маған берген сыйысың": Тәуекел Мүсілім жұбайын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба арнады
Опубликовано:
Қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім жұбайына туған күніне орай жүрекжарды тілегін арнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Актер Instagram желісінде видео жариялап, жарын туған күнімен ерекше құттықтады.
"Туған күніңмен, Махаббатым. Өзіңмен бірге өткізген әрбір сәтке шүкіршілік етемін. Алланың маған берген сыйысың. Сенімен өткізген әр сәт бақытқа, махаббатқа толы. Кейде ренжітіп жатсам, мән берме. Ең бастысы, мен сені шын сүйем. Бақытты, қуанышты күндеріміз көп болсын. Алла соңғы демімізге дейін бірге болуды нәсіп етсін", - деді актер.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2226782-allanyng-magan-bergen-syiysyng-tauekel-musilim-zhubaiyn-tugan-kunimen-quttyqtap-aserli-zhazba-arnady/