RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Сарыағашта нағыз көктем": Динара Сәтжан наурызды енесімен бірге қарсы алды

Жарияланған күні:

Динара Сәтжан
Динара Сәтжан. Фото: www.instagram.com/dinarasatzhan/

Динара Сәтжан наурыз мерекесін Сарыағашта, енесінің үйінде қарсы алды. Ол желіге жазба қалдырып, абысындарымен жүрген видеосын жүктеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында наурыз мерекесіне орай Сарыағашқа келгенін жазды.

"Сарыағашта нағыз көктем. 25 градус. Наурызды Мамочкамен қарсы алдық. Сонымен бірге абысындардан тағы бір мастер-класс. Бүгін - қаттама нан", - деп жазды ол.

Сонымен бірге ол енесімен түскен видеолары мен суреттерін жария еткен.

Динара Сәтжан
Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

Желі қолданушылары оның енесімен ұқсастығын жарыса жазып жатыр.

"Өте ұқсайсыздар", "Енеңіз өзіңізге ұқсайды екен", "Динара өте сұлу, қарапайым. Бақытты болуға лайықты жан", - деп жазды олар.

Еске салсақ, бұған дейін белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан желідегі парақшасына ауылдан видео жариялап, елді қызықтырып қойғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2230298-saryagashta-nagyz-koktem-dinara-satzhan-nauryzdy-enesimen-birge-qarsy-aldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif