jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Ең әдемі қалыңдық": Динара Сәтжан жолдасымен мешітте түскен суретін жария етті (фото)

    Динара Сәтжан
    Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

    Белгілі журналист Динара Сәтжан тұрмысқа шықты. Ол желіде неке куәлігінің суретін жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналист әрі блогер Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында неке куәлігінің суреті мен мешітте жолдасымен түскен суретін жариялады. Суреттен ресми неке куәлігі және мұсылманша неке куәлігін көруге болады.

    Динара Сәтжан
    Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

    Желі қолданушылары оның жариялаған суреттеріне пікір білдіріп, "Бақыт тілеймін", "Бақытты болыңыз", "Ең әдемі қалыңдық", - деп жазды олар.

    Еске салсақ, бұған дейін біз белгілі тележүргізуші, блогер Динара Сәтжан желідегі парақшасына ауылдан видео жариялап, елді қызықтырып қойғанын жазған едік. Желі қолданушылары Динараны сарыағаштық азаматқа тұрмысқа шықты деп болжаған.

    Артынша белгілі дизайнер Наиль Байкүшіков Instagram желісіндегі парақшасында Динара Сәтжанға той көйлегін тігіп жақанын және тігу барысында бірқатар қиындыққа тап болғанын жазып, видео жариялаған.

    Динара Сәтжан. Фото
    Динара Сәтжан. Фото: instagram.com/dinarasatzhan

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.