"Динара Жанықұл": жақында тұрмысқа шыққан Динара Сәтжан жолдасын көрсетті (фото)
Жарияланған күні:

Жақында тұрмысқа шыққан белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан желіде жолдасымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Динара Жанықұл және Жұмабек Жанықұлов", - делінген Instagram желісінде жариялаған фото сипаттамасында.
Динара Сәтжанның таңдауы Жұмабек Жанықұлов есімді азаматқа түскен. Тележүргізуші жолдасының әлеуметтік желідегі парақшасын да белгілеп қойған.
Жұмабек Жанықұлов желідегі парақшасында өзін кәсіпкер, филантроп, сондай-ақ қоғам қайраткері ретінде көрсеткен.
Желі қолданушылары Динара Сәтжанға ақ тілегін жазып, бақыт тілеп жатыр.
Есткеріңізге сала кетейік, бұған дейін белгілі тележүргізуші желідегі парақшасында ауылдан видео жариялап, елді қызықтырып қойғанын жазған едік. Желі қолданушылары Динараны сарыағаштық азаматқа тұрмысқа шықты деп болжаған еді.
Артынша белгілі дизайнер Наиль Байкүшіков Instagram желісіндегі парақшасында Динара Сәтжанға той көйлегін тігіп жақанын және тігу барысында бірқатар қиындыққа тап болғанын жазып, видео жариялады.
Жуырда Динара Сәтжан Instagram-дағы парақшасында неке куәлігінің суреті мен мешітте жолдасымен түскен суретін жариялады. Суреттен ресми неке куәлігі және мұсылманша неке куәлігін көруге болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2233110-dinara-zhanyqul-zhaqynda-turmysqa-shyqqan-dinara-satzhan-zhubaiyn-korsetti-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.