jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Байзақованың енесі: Ұлыңнан сепарациялана алмасаң, оны торға қамап қой да, үйлендірме

    Айжан Байзақованың енесі сұқбат берген сәт
    Айжан Байзақованың енесі сұқбат берген сәт. Кадр: YouTube / Arystan

    Блогер Айжан Байзақова подкаст түсіріп, алғашқы қонақ ретінде енесі мен күйеуін шақырды. Спикерлер бала тәрбиесі, баланың ата-анадан бөлінуі секілді тақырыптарды талдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

    "Ана мен баланың сепарациялануы өте күрделі қадам. Балаларыңыздан қалай сепарацияландыңыз?! Мен сырттың адамы ретінде айтарым: ана бола тұра сіз одан өте сауатты түрде сепарация жасағансыз. Тағы айтарым, біз шетелде демалып жүрсек, енем емес, қайын атам телефон соғып маза бермейді. Қайын атам күнде телефон соғып, "не істеп жатырсыңдар, қашан келесіңдер, байқап жүріңдер" дейді. Ал сіз ондай емессіз", – деді Байзақова.

    Оның сөзін қайын енесі құптап, бұл туралы өз пікірін айтты.

    "Иә, Нұрбек менің ұлым, бірақ ол — жекеменшігім емес. Ол – жеке дара тұлға. Ұлыңнан сепарациялана алмасаң, онда оны торға қамап қой да, үйлендірме. Егер ұлыңнан ажырай алмасаң, ол бақытты болмайды, әйелі бақытты болмайды, ажырасып, немерелерің әкесіз қалады. Менің ойым осы", – дейді енесі.

    Алайда Жанна ханым балалары үшін алаңдап отыратынын жасырмады.

    "Мен, әрине, ол үшін қатты алаңдаймын. "Не істеп жүр екен" деп уайымдаймын. Бірақ телефон соғып мазасын алмаймын. Маған қарағанда, расымен, әкелері балаларына үнемі хабарласып, сұрап-біліп отырады", - дейді енесі.

    Еске салайық, Жанна ханым болашақ келіні туралы естігенде шошығанын жасырмай айтқан еді.

    Байзақованың енесі: Ұлыңнан сепарациялана алмасаң, оны торға қамап қой да, үйлендірме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.