jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Жаңа қадамның басы": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен заңды некеге тұрды (фото)

    Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров
    Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров. Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova

    Танымал блогерлер Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров заңды некеге тұрды. Қуанышты жаңалықты Айжұлдыз әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жаңа қадамның басы", - деп жазды Айжұлдыз Адайбекова Instagram-дағы парақшасында.

    Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, ақ тілегін жазып жатыр. Олардың арасында Мадина Сәдуақасова, Айнұр Ілиясова, Жазира Еркін, Әнуар Нұрпейісов, Мөлдір Мұқан сынды танымал қазақстандық жұлдыздар да бар.

    "Заңды некелерің құтты болсын! Махаббаттарың, ақ, адал, мәңгілік болсын", "Ұзағынан болсын сендер үшін қуаныштымыз", "Әрдайым бірге бақыт құшағында болыңдар", "Махаббат пен бақытқа толы сәттерің лайым көп болғай", "Махаббатарың адалынан болсын", "Бақытты болыңдар, керемет жұп", "Махаббаттарыңыз ғұмырлы болсын", - деп жазған желідегілер.

    Айта кетейік, бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі Сәкен Қағаровпен мешітте некесін қидырған еді.

    "Жаңа қадамның басы": Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісімен заңды некеге тұрды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.