jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Мен сүрінсем, құламауымды тіледің": әнші Тоқтар Серіков жұбайы Бейбітті туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

    Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева
    Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева. Фото: instagram.com/toktar_beibit

    Танымал әнші Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап, оған деген із тілегін өлең жолдарымен жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Бір мен үшін жайқалатын гүл егін,

    Бір мен үшін жандың талай түледің.

    Мен қуансам сен балаша мәз болдың,

    Мен сүрінсем, құламауымды тіледің.

    Сенің туған күніңе арнап жарқыным,

    Бар әлемнің жылулығын тіледім.

    Өмір дейтін мына жарық мекенде,

    Бірге соқсын жүрегіңмен жүрегім", - деп жазды Тоқтар Серіков Instagram желісіндегі парақшасында.

    Сондай-ақ әнші желіде жұбайымен, отбасымен түскен суреттерді де бөліскен.

    Желі қолданушылары жұлдызды жұпқа ақ тілегін жазып, Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен құттықтап жатыр. Олардың арасында әншілердің өнердегі әріптестері де бар.

    "Жаңа жасыңыз құтты болсын, Бейбіт! Қос аққудай өнер айдынында Тоқтар екеуіңіз бірге жасай беріңіздер!", "Құтты болсын жасыңыз! Ғұмырлы, бақытты өмір тілеймін! Сіздерді жақсы көреміз, құрметтейміз!", "Керемет, үлгілі отбасы, туған күніңіз құтты болсын!" - деп жазуда желі оқырмандары.

    Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева – өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай, халықтың алғысына бөленіп жүрген әншілер. Жұлдызды жұп қазір төрт ұл тәрбиелеп отыр.

    "Мен сүрінсем, құламауымды тіледің": әнші Тоқтар Серіков жұбайы Бейбітті туған күнімен ерекше құттықтады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.