jitsu gif
Шоубиз

    "Өмірімнің құпия болғанын қалаймын": халық әртісі Нұржамал Үсенбаева тоғыз немере сүйіп отырғанын айтты

    Нұржамал Үсенбаева
    Нұржамал Үсенбаева. Видеодан скрин: instagram.com/1001tuntv

    Jibek Joly арнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасына Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, әнші Нұржамал Үсенбаева сұхбат берді. Әнші отбасы туралы сыр ақтарып, тоғыз немере тәрбиелеп отырған әже екенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Өмірімнің құпия болғанын қалаймын. Бізде 9 немере бар. Мен жаман емес әжемін деп ойлаймын. Өйткені барлық балаға еркіндік бердік. Әрқайсысы өзімен-өзі. Отбасылары бар. Сондықтан оларға да жақсы, бізге де жақсы. Өйткені сіздер білесіздер, Төлеген Мұхамеджанов – менің жан серігім, жолдасым. Біз – өнер адамымыз. Бізге де шығармашылық атмосфера керек. Сағат түнгі он екіде мен рояльға отырып, әндерімді жаттап, распевка жасап, әндерімді шырқап, шабытым ашылуы мүмкін. Ал маэстрода шабыт ашылса, ол да жұмыс істейді. Біз ешкімге бөгет жасамаймыз", - деді ол.

    Нұржамал Үсенбаеваның сөзінше, немерелерінің ешқайсысы өнер жолына түспеген, дегенмен олардың бәрі өнерді сүйетін көрінеді.

    "Олар өнерде емес, бірақ өнерді жақсы көреді. Әрине, біздің концерттерімізге гүл шоғын құшақтап барады. Немерелер сурет салады, бимен айналысады. Біз әлі жаспыз, шөбере сүйетін уақыт келмеді", - дейді ол.

    Опера әншісі әлеуметтік желідегі хейтерлер туралы да айта кетті.

    "Енді кейбір адамдар жақсы сөздер жазады, тілектер. Өзіме ұнамайтын сөздер жазатындар да болады. Әркімге ұнағаным дұрыс емес, шарт емес", - деді өнер иесі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.