jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Менің отбасым – менің байлығым": RaiM Ерке мен ұлын перзентханадан шығарып алды

    Ерке Есмахан мен Раим
    Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

    Көпшілікке RaiM есімімен танымал қазақстандық әртіс Райымбек Бақтыгереев жұбайы Ерке Есмахан мен сәбиін перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Перзентханадан шығару сәтінде түсірілген фотоларды RaiM Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда жаңа туған сәбиге қарап, күлімдеп тұрған ерлі-зайыпты әншілерді және екі ұлы Ислам мен Муслимді көруге болады.

    Жұлдызды отбасы сәбидің дүниеге аман-есен келгеніне риза.

    "Менің отбасым – менің байлығым", - деп жазды Райымбек.

    "Жарайсың! Нағыз ерсің! "Өзімнің балам, өзгенің баласы" деп бөлмейді, өзі мықты тәрбие беріп отыр, өзі де тәрбиелі. Керемет таңдау жасаған сұлу келіншек. Мұндай ермен ештеңеден қорықпауға болады", "Жарайсың! Керемет, жапырақтарың жайқала берсін", "Алланың қорғауында болыңдар", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

    Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын 40 жастағы Ерке Есмахан үшінші сәбиін дүниеге әкелген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.