jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Құны 35 млн теңге": Қайрат Нұртас 11 жастағы ұлына көлік сыйлады (фото)

    Қайрат Нұртас ұлымен
    Қайрат Нұртас ұлымен. Фото: instagram.com/kair_n

    Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас кенже ұлы Ханға аса қымбат сыйлық тарту етті. Өнер иесі 11 жастағы перзентіне салоннан су жаңа көлік сыйлаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдызды жанұядағы бұл жаңалықты Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жария етті. Белгілі продюсер Instagram-дағы парақшасында әншінің ұлына көлік сыйлаған сәтінен видео жариялап, көпшілікті немересін жаңа темір тұлпарымен құттықтап қоюын сұраған,

    "Ханды құттықтап қойыңыздар, көлікті болды. Папасының да, анасының да қолдары тимейді. Өз жүргізушісі таситын болды", - деп жазды Айдарбекова.

    Гүлзира Айдарбекованың Stories-і
    Гүлзира Айдарбекованың Stories-і. Скриншот: Instagram/gulziraaidarbekova

    Әлеуметтік желіде Нұртас Айдарбековтың 11 жастағы немересін құттықтап, көрімдік беріп жатқан видеосы да тарады.

    Белгілі болғандай, Қайрат Нұртас ұлына cоңғы үлгідегі Hyundai Palisade автокөлігін сыйлаған. Темір тұлпардың нарықтағы бағасы - 35-40 млн теңге.

    "Құны 35 млн теңге": Қайрат Нұртас 11 жастағы ұлына көлік сыйлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.