jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Дәурен Айдарқұлов көпшілікке үйленгенін хабарлады (фото)

    Дәурен Айдарқұлов
    Дәурен Айдарқұлов жан жарымен. Фото: Instagram/daurenaidarkulov

    Актер Дәурен Айдарқұлов өз Instagram парақшасында көпшілікке сүйінші жаңалығын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Актер желідегі жазбасында үйленгенін хабарлап, неке қиған сәтінен фотоны жария еткен.

    "Мен үйлендім. Әлхамдулилләһ", - деп жазды әнші жазбасында.

    Актердің жазбасын көрген желі қолданушылары оған ақ тілектерін жаудырды. Қуанышына ортақ болып, ізгі тілектерін қалдырғандар қатарында Ақбота да бар.

    "Бақытты болыңдар! Сендер үшін қуаныштымын!", - деп пікір қалдырды актердің жазбасына Ақбота Сейтмағамбет.

    Еске сала кетейік, Дәурен Айдарқұловтың бұл үшінші некесі. Айдарқұловтың бірінші отбасынан үш, екінші некесінен екі баласы бар. Ол актриса Ақбота Сейтмағамбетпен 2020 жылы ажырасқан болатын.

    Дәурен Айдарқұлов көпшілікке үйленгенін хабарлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.