jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Некеміз бұзылды": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен неге ажырасып кеткенін айтты

    Мөлдір Мұқанова
    Мөлдір Мұқанова. Видеодан кадр: Youtube/Janar Baisemiz

    Қазақстандық танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы бар шындықты ашып айтты. Өнер иесі журналист Жанар Байсемізге берген сұқбатында алғаш рет 21 жыл отасқан жолдасымен заңды түрде ажырасып кеткенін растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Мұқанова отбасындағы келеңсіз жағдай туралы сыр шертіп, Қабатовпен екі жаққа кеткенін жеткізді.

    "Мен отбасымда болып жатқан жағдайды сыртқа шығармайтын адаммын. Жақындарыма да тіс жармайтынмын. Бұлай шығып, айтам деп те ойламағанмын. Бірақ халық арасында үлкен шу болып кетті. Тұрсынбек ер азамат ретінде ел алдына шығып, осы жағдайды түсіндіретін адам еді. "Кесірі бала-шағама тиіп жатыр, неше жыл отасқан жұбайыма ауыр сөйлеп жатырсыздар. Мөлдірге тиіспеңіздерші" деген бірауыз сөз күттім. Себебі отбасымыздың екі жаққа кетуіне бірінші себепкер өзі болып тұр. Біздің заңды некеміз бұзылды. Өкінішке қарай, екеуміз екі жаққа кеттік", - деді Мұқанова.

    Белгілі продюсер жанұясын барынша сақтап қалуға тырысқанын айтты.

    "Бұл жағдайдың басталғанына 14 жыл болды. 14 жыл бойы үндемей келдім. Сол уақыт бойы сыртқа шығармадым, ішімде сақтадым. 14 жыл бойы үмітпен келдім. Бес балам жылағанша, бір өзім жылайыншы деп ойладым. Толыққанды отбасы болайықшы деген оймен жүрдім. Бірақ үндемей жүрмедім, тырыстым. Сөйлесейікші десем, үйден қашып кететін. Кейін сөйлесуге шақырсам, үйден бір айға кетіп қалатын болды. Содан кейін олай айтуға да қорқып қалдым. Бір өкініштісі, себебін түсінбедім. Оны таба да алмадым. Мен мінсіз емеспін. Бірақ Тұрсынбектің өзінен менің тарабымнан қандай кемшілік болғанын естігім келді", - деді Қабатовтың бұрынғы әйелі.

    Мөлдір Мұқанова отбасының шайқалуына не себеп болғанын айтты.

    "24-қабаттан секіруге дайын болдым. Тұрсынбектің өзі тоқтатып қалды. Екеуі Дубайға барып келген екен. Ол кезде мен де Дубайды көрмеген едім. Тұрсынбек негізі жұмыс бабымен бардым деген, маған видеоларды көрсетіп отырды. Оны дастархан жасап, отбасымызбен шығарып салдық. Алғаш рет шетелге тапсырыспен кетіп бара жатқан болатын. Бәріміз қуанып жүрміз, сол кезде еріп барайын деген арам ойым да болмапты. Сол келген соң маған видеоларды көрсеткенде бір кадрда бір кісіні көріп қалдым. Сол кезде өзімді қоярға жер таппай, терезеге қарай жүгіремін. Оған дейін бірге екендерін естіп жүргенім бар. Ол маған "Болды, қойдым. Бәрін тоқтаттым, отбасымыз бұзылмайды" деп айтып жүрген еді", - деді продюсер.

    "Некеміз бұзылды": Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен неге ажырасып кеткенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.