jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының туған күнін Мальдив аралдарында тойлады (фото)

    Қайрат Нұртас отбасымен
    Қайрат Нұртас отбасымен. Кадр видеодан: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызы Сезімнің 18 жасқа толған туған күнін Мальдив аралдарында тойлады. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

    Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram әлеуметтік желісіндегі Stories-те отбасымен демалып жүрген сәтін көрсетті. Ол Мальдив аралдарында қызы Сезімнің 18 жасын атап өткенін жеткізді.

    Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртас отбасымен
    Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртас отбасымен. Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

    "Негізі Сезімнің болмысы бөлек. Артық шуды, артық әрекетті, көп сөзді ұнатпайды. Өте мейірімді, Англияға оқуға түскелі мінезі де өзгеріп келеді. Тым бауырмал, аса сезімтал болған. Отбасымен ғана өткізетін уақытты қатты бағалайды. Ақылдым, тұңғышым, туған күніңмен. Өзіңдегі еркіндік, қарапайымдылық пен кең жүрегің сондай әдемі. Өмір жолың ашық болсын, кәмелетке толған менің үлкен бөпем", - деп жазды ол.

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова тұңғыш қызының туған күнін Мальдив аралдарында тойлады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.