jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбин өмірден өтті

    Мұрат Бисенбин
    Мұрат Бисенбин. Фото: instagram.com/jemappelledali

    Белгілі қазақстандық актер, әйгілі "Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбиннің қызы әкесінің өмірден өткенін хабарлады. Актер біраз уақыттан бері онкологиялық дертпен күрескен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Актердің қызы Instagram желісіндегі парақшасында әкесі Мұрат Бисенбиннің туған жылы мен соңғы демі үзілген күні, яғни, бүгінгі күн реті жазылған суретін жариялады.

    "Шексіз жақсы көремін", - делінген жарияланған суреттің сипаттамасында.

    Естеріңізге сала кетейік, актердің қызы осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде жазба жариялап, әкесінің хәлі туралы сұраған көпшіліктің сұрағына жауап берген еді.

    Кейінірек ол тағы бір пост жариялап, әкесінің инсульт алғанын және ауруханада дәрігерлердің бақылауында екенін айтты.

    Мұрат Бисенбиннің жағдайы туралы оның әріптесі Жан Байжанбаев та айтты. Ол бір жылдан аса онкологиялық дертпен күрескен актердің хәлі нашарлап кеткенін жеткізді.

    "Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбин өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.