jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Еркін Нұржанов отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті

    Еркін Нұржанов жары Динарамен
    Еркін Нұржанов жары Динарамен. Фото: instagram.com/_erkin_dinara

    Танымал әнші Еркін Нұржанов қасиетті Рамазан айында қызды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің 20 ақпанда бесінші баласы дүниеге келген. Жанұясы тағы бір жанмен толыққанын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жыр шумақтарымен жеткізді.

    "Жеткенде шүкір Алла шын асылға, Еркін балаң сүйінші сұрасын да. Ей жақсылар, сүйінші, қызды болдым, Рамазанның алғашқы жұмасында", - деді Еркін Нұржанов.

    Желі қолданушылары әншіге құтты болсын айтып, жылы лебіздерін жазған.

    Айта кетелік, жаңа туған сәбиден бөлек, Еркін Нұржанов пен жары Динараның шаңырағында екі ұл және екі қыз бала өсіп келеді.

    Еркін Нұржанов отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.