"Жүрекпен қабылданған шешім": әнші Төреғали Төреәлі Қазақстанның оңтүстігіне қоныс аударды
Жарияланған күні:
Танымал әнші Төреғали Төреәлі отбасымен Түркістан қаласына қоныс аударды. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, бұл – жай ғана мекен ауыстыру емес, бұл – жүрекпен қабылданған шешім.
"Біз бұл қалаға қонақ болып келген жоқпыз. Біз – бірге еңбек етуге, бірге өркендеуге, бірге тарих жазуға келдік", - деді Төреғали Төреәлі.
Әнші Түркістан – тарихтың үнін сақтаған, уақыттың тынысын сездірген, рухтың тамыры тереңге кеткен қасиетті шаһар екенін атап өтті.
"Бұл қалада үнсіздік те мағыналы. Бұл жерде әрбір көше, әрбір тас – шежіре. Өткен мен болашақ бір-біріне қарсы тұрмайды, керісінше, бірін-бірі толықтырып, жалғастырып тұрады.
Біз бұл қаланы саналы түрде таңдадық. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған осы мекеннің болашағына сенеміз. Түркістан тек киелі орталық қана емес, ол – жаңғырудың, жаңарудың, жасампаздықтың кеңістігі.
Отбасымызбен осында қоныстандық. Балаларымыз тамырын сезініп өссін деп, жасаған ісіміздің мағынасы терең болсын деп. Тек жобалар емес, із қалдыратын істер атқару үшін.
Түркістан – тек өткеннің мұрасы емес. Ол – болашақтың уәдесі", - деп жазды Төреғали Төреәлі.
Желі қолданушылары әншіге киелі Түркістанға қош келгенін жазып, құтты болсын айтуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2350923-zhurekpen-qabyldangan-sheshim-anshi-toregali-toreali-qazaqstannyng-ongtustigine-qonys-audardy/