"Өзі де білмей қалды": Асанәлі Әшімовтің жұбайы актердің өміріндегі соңғы сәттер туралы айтты (видео)
Жарияланған күні:
Қазақтың танымал актері Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова марқұмның өміріндегі соңғы сәттер туралы айтты. Ол актерге барынша қолдау жасап, алғашқы көмек көрсетуге тырысқанын айтты. Бұл туралы ол Artiz подкастында айтты.
Подкаст барысында Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің өміріндегі соңғы сәттер қалай өткенін айтты. Сөзінше, марқұм тез әрі еш қиналмай өмірден қайтқан.
"3 минут сол... Соңғы 3 минутқа дейін сөйлеп... "Белім ауырып тұр, кеудеме ауру өтіп тұр, жатайыншы" деді. Жатқыздым. "Басымды көтерші" деді, басын көтердім. "Тағы көтерші" деді, тағы көтердім. Болды, көзін жұма салды. Өзі де білмей қалды, ойлаған жоқ кетіп қаламын деп. Тағы сол жасанды демалдыру, жүрегіне массаж – бәрін жасадым, бірақ... 3 минут...", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2375121-ozi-de-bilmei-qaldy-asanali-ashimovting-zhubaiy-akterding-omirindegi-songgy-satter-turaly-aitty-video/