jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Бір қыздың тағдырына әсер етіп қоюдан қорқамын": Димаш Құдайберген көптің көкейіндегі сауалға жауап берді

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұрақтардың біріне жауап берді. Өнер иесі жеке өміріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "24KZ".

    Әншінің айтуынша, бұл сұрақ оның күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған. Соңғы уақытта мұндай сауалдардың тіпті жиілеп кеткенін жасырмады.

    "Қазақстанға келгенде паспорт тексеретін аға-әпкелерімізден бастап: "Димашжан, қашан үйленесің?" деп сұрайды. Күтіп алушылар, жүргізушілер де осы әңгімені қозғайды. Үйге келсем, таңғы, түскі, кешкі ас кезінде жақындарым сұрайды. Достарым да қызығады. Әр нәрсенің өз уақыты бар ғой. Ең бастысы – таңдауыма өте жауапкершілікпен қарағым келеді. Себебі сезімге беріліп, бір қыздың тағдырына әсер етіп қоюдан қорқамын. Қыз баланың қадірін қастерлеу керек деп ойлаймын. Үйленгеннен кейін сол адаммен бірге қартайып, бақытты ғұмыр кешуді армандаймын", – деді Димаш Құдайберген.

    "Бір қыздың тағдырына әсер етіп қоюдан қорқамын": Димаш Құдайберген көптің көкейіндегі сауалға жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.