Роза Рымбаева балалары жасаған тосынсыйға көңілі босап, көзіне жас алды (видео)
Жарияланған күні:
Халық әртісі Роза Рымбаеваға балалары жаңа көліктің кілтін табыс етті. Әнші қуаныштан көзіне жас алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әнші Әли Оқапов Instagram желісінде анасы Роза Рымбаеваға тосынсый жасаған сәттен видео жариялады. Видеодан Әліи Оқаповтың Алматыдағы автоорталықтардың біріне келген Роза Рымбаеваға жаңа жол талғамайтын көліктің кілтін табыстап жатқанын көруге болады.
"Бізді сізді шығармашылық мерейтойыңызбен құттықтаймыз. Сахнада – 50 жыл! Сізге тосынсый дайындадық, соны қабыл алсаңыз екен. Жаңа көлікті сыйға тартамыз", - деді Әли Оқапов.
Роза Рымбаева қуаныштан көз жасына ерік берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2382303-roza-rymbaeva-balalary-zhasagan-tosynsyiga-kongili-bosap-kozine-zhas-aldy-video/