jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Ешнияз салдың "Дүрдараз" термесіне R&B стилінде күй пайда болды (видео)

    : UGC

    Өнерпаз Еркін Құдайберген Ешнияз салдың "Дүрдараз" термесіне R&B (ритм және блюз) стилінде шығарған күйін тойда тартып тұр.

    Күйді жаңаша өңдеген музыканттар оны "заман талабы" деп түсіндіреді. Бірақ кей тыңдарманға ұнайтын бұл жаңалықты музыка маманы жақтырмайды.

    "Қазақ күйлерін заманға лайық жаңаша орындап жүрмін" деген азаматтың енді бірі – Еркін Құдайберген есімді өнерпаз. Ол күйді битбокс қана емес, одан басқа да бірнеше стильде не жанрда өңдегенін айтады. – Құрманғазының "Ақсақ киігін", Қаршыға Ахмедияровтың "Той күйін" Олжас Сүлейменов деген күйші азаматпен бірігіп клубтық стильде жаздық. Халық күйі "Келіншекті" кантри үлгісінде жаздық.

    Кейін Ешнияз салдың "Дүрдараз" термесіне ағам Ерболат Құдайберген R&B (ритм және блюз) стилінде күй шығарды. Күйге битбокс та жасауға, брейк-дэнс те билеуге болады, – дейді Еркін Құдайберген.

    Күйді 2004 жылдан бері осылай өңдей бастағанын айтқан Еркін Құдайбергеннің сөзінше, бастапқы үш-төрт жылда тыңдармандары мұндай күйді үрке тыңдаған.

    "Бірақ соңғы жылдары шақырулар көбейді. Тіпті клубтарға да шақырады. Жастар күйдің ырғағына билейді. Қазақ жастары "Адайға", "Ақсақ құланға" билеп жатса несі жаман?" – дейді өнерпаз.

    Күйді бірнеше стильде өңдеп тартатын Еркін Құдайберген де "жастардың сұранысына сай ұлттық нақыштағы музыка шығарып, ұлттық аспаптарды насихаттап жүргенін" ескерте келе: "Заманмен бірге дамымасақ болмайды" деген уәж айтады.

    Ешнияз салдың "Дүрдараз" термесіне R&B стилінде күй пайда болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.