Отандық шоу-бизнестегі ағайынды жұлдыздардың тізімі жасалынды (фото)
Опубликовано:

Отандық шоу-бизнесте ағайынды жұлдыздар жиі кездеседі. Олардың бірі аса танымал, ал екіншісі соншалықты атақты болмауы мүмкін.
Бұл туралы Comode.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Назарларыңызға Қазақстандағы ағайынды шоу-бизнес өкілдерін ұсынамыз.
Алтынай және Талғат Жорабаевтар
Фарида және Болат Жолдасовтар
Айдана және Ермек Меденовтер
"KешYou" тобының мүшесі Айдана Меденова мен әнші, композитор, "SuperStar KZ" байқауының финалисті, саксофоншы Ермек Меденов.
Дастан және Рүстем Оразбековтер
Әнші әрі актер Дастан Оразбеков "Орда" тобында ән салатынын жақсы білесіздер, ал оның ағасы Рүстем Оразбеков те алғашында осы топта ән шырқаған еді. Бүгінде ол топтың үйлестірушісі қызметін атқарып жүр. Есболат, Ерболат және Жанболат Беделхан
Ағайынды Беделхандар "Орда" тобында ән айтып қана қоймай, режиссерлік таланттарын да шыңдау үстінде.
Алмас, Байғали, Ирина және Жәмила Серкебаевтар
Бұлар әйгілі Ермек Серкебаевтың балалары: композитор Алмас Серкебаев, "А-Студио" тобының мүшесі Байғали Серкебаев және журналист-жазушы Ирина Серкебаева. Ал Жәмилә Серкебаева олардың немере қарындасы болып келеді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/337126-otandyk-shou-biznestegi-agajyndy-zhyldyzdardyn-tizimi-zhasalyndy-foto/