jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Мейрамбек Беспаев отбасы жайлы құпиясын ашты (видео)

    : UGC

    Сәкен Майғазиевтың туған күніне арналған кеште әншінің анасы жылы лебізін білдіріп, келген барша қонақтарға аналық тілегін айтты. Сәкеннің анасы тілек айта отырып, Мейрамбек Бесбаевтың отбасындағы соңғы жаңалық, қуанышымен де бөлісе кетті.

    Бұл туралы baistars.kz хабарлайды.

    Сәкен Майғазиевтың анасы: "Бәріңе бақыт тілеймін шырақтарым. Жаңа жылдарың құтты болсын! Өзім үшін, өзімнің балам үшін, елім үшін ананың бәрі бір тілек, бір жүрек. Сондықтан ананың жүрегіндей жүрек жоқ, тілегіндей тілек жоқ. "Бәрің де солай, бәрің де солай" деп қызым өлең айтатын, сол ұқсап бәрің де солай. Бәрің жақсысың, бәрің тамашасың. Бәріңе жақсылық тілеймін", - деді әншінің анасы.

    Сонымен қатар Майғазиевтің анасы баласына рақметін айта отырып, ұлы өзін Меккеге жібергенін де айта кетті.

    "Бәрің аман болыңдар, жақсылық көріңдер. Бұдан артық кең пейіл, кең жер жоқ енді. Мұндай өмір жоқ. Осы өмірді қолпаштап, құрметтеп, бәрің бірдей, Сәкенім қандай болса, бәріңде маған сондайсыңдар. Бәріңнің тілеулеріңді тілеймін, бәріңді танимын", - дейді ол.

    Тойда әнші анасы Мейрамбектің келіншегіне риза болғанын атап өтті.

    "Осы Динара босанғанда айтқан едім: "Ұяттарың бар ма? Сендерде бірдеңе қылсаңдаршы" деп. Рақмет, мың алғыс. Қалғандарыңда сондай болыңдар. Күйеулеріңе ие болғыларың келсе, туып беріңдер, туып беріңдер. Бәрінен бұрын осындағы келіндеріме ризамын. Мархабат жаным ризамын, айналайын, рақмет, менің айтқанымды екі қылмай орындапсың. Қалғандарың да орындаңдар. Жақсылық көріңдер, көбейе беріңдер", - деді Майғазиевтің анасы.

    Ендеше алдағы уақытта Мейрамбек мырзаның отбасында үлкен қуаныш болатыны айқын.

    Мейрамбек Беспаев отбасы жайлы құпиясын ашты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.