jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Ақан Сатаев басты рөлдерді шетел актерлері ойнаған "Хакер" фильмін түсірді

    : UGC

    Танымал кинорежиссер Ақан Сатаев "Хакер" киносының афишасын жариялады. Режиссер афишаны өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті деп жазады baistars.kz.

    Сондай-ақ, Қазақстандағы ең табысты режиссер саналатын Ақан Сатаев бұған дейін "Рекэтир", "Жаужүрек мың бала", "Адасқандар", "Ликвидатор" атты картиналарды түсіріп, отандық кинематографияда өз беделін мықтап бекемдеген суреткер.

    "Хакер" драмалық триллері Ақан Сатаевтің алғашқы батыстық жобасы. Тимур Жақсылықов пен жас кинематографшы Санжар Сұлтанов жазған сценарийдің желісі бойынша, кинофильмде несие картасын алаяқтық жолмен бұзып күн көретін хакердің шынайы өмірі баяндалады.

    Фильмде Эмигранттар отбасында дүниеге келген киберкеңістіктің маманы Алекс Данилюктің рөлін жас актер Каллэн Маколифф, ал, оның құрбысының рөлін Кира Уитталды Джек Николсонның қызы Лоррейн сомдайды.

    Түсірілімнің өзі Нью-Йорк, Торонто, Бангкок секілді ірі қалаларда өткен. Батыстық туынды режиссер үшін үлкен тәжірибе жинауға арналған мектеп болды.

    "Мен үшін бұл тағы бір мектеп, өте үлкен тәжірибе. Көп нәрсе үйрендім. Түсірілім процесстерінде үлкен айырмашылық болмаса да, қызметшілермен жұмыс істеу тұрғысынан біраз айырмашылық бар екен. Мысалы, актер 12 сағаттан көп жұмыс жасамауы керек. Ал режиссер эпизодта ойнайтын актерлермен сөйлеспеуі керек, кеңес бермеуі керек, тек көмекшілері ғана. Тағы бір қызығы, түскі ас уақыты қатаң реттелген және үзіліс кезінде ешкім жұмыс жайлы әңгімелеспейді , тіпті тыйым салынған",-деп Ақан Сатаев баспасөз беттеріне берген сұхбатында айтып кеткен.

    Ендеше, көптен күткен батыстық жаңаша туындыны жақын арада көретін боламыз.

    Ақан Сатаев басты рөлдерді шетел актерлері ойнаған "Хакер" фильмін түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.