Байқаңыз, жолда жұлдыз! (фото)
Опубликовано:
Жолда жүру ережесін сақтамай, жол апатына ұшырайтындар қатарында отандық эстрада жұлдыздары да бар. Иә, адам болған соң, мұндай оқиға кез келгеннің басында кездеседі. Сондықтан, оларды бөле-жарып қарау да дұрыс емес шығар. Алайда, жұлдыздардың тез көзге түсуіне олардың танымалдығы әсер ететіні сөзсіз. Automag.kz сайты жолда жүру ережесін сақтамаған жұлдыздардың тізімін жасады.
Қайрат Түнтеков және төленбеген айыппұл
"SuperStar.KZ" жобасы арқылы халыққа танылған Түнтеков нағыз қазақтар секілді Toyota Camry 40 көлігімен жүргенді жақсы көреді. Былтыр әнші Toyota Land Cruiser 100 көлігімен соқтығысып қалды.
Қуанышқа қарай, жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Алайда, Қайрат сол күйі айыппұлын төлемей, Лэндкрузерді жөндеуге кететін қаржыны бермеген.
Ерболат Құдайбергенов 4 жыл бойы көлік жүргізбейді
"Мен қазақпын", "Біздің жігіттер" деп әндеткен Ерболат Құдайбергенов мас күйінде көлік жүргізгені үшін 4 жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырылған болатын.
Ерболатқа қатысты бұл оқиғаға орай көп мәлімет жоқ. Әйтсе де, ол әлеуметтік желідегі парақшасына журналистерді кінәлаған жазба қалдырды.
"Менің көлік жүргізу куәлігінен айырылғаныма назар аудармасаңыздар да болады. Мұндай жағдай әр елде, әркімнің басында болады. Тек бізді журналистер оны қалай жеткізу керектігін білмейді", - деп жазған әнші Facebook-тегі парақшасына.
Скрипкашы жаяу жүргіншілерді соқты
Жарақат алған 3 қыздың екеуі ауруханаға түсіп біреуі медициналық көмектен бас тартқан болатын.
Құтпанова "концерт" қойып берді
Ал "Дауыс International" тобының бұрынғы мүшесі, әнші Жадыра Құтпанова көлікті мас күйінде жүргізіп, полицейлерге ғана емес, барлық тыңдарманға керемет "концерт" қойып бергенін көпшілік ұмыта қойған жоқ.
Мас күйінде көлік жүргізген ол жылап-сықтап, жол полицейлеріне пара ұсынып, кейін тіпті балағаттаған да болатын.
Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы, жас әнші Дидар Кәден де жол-көлік оқиғасына жиі себепкер болады.Дидар №128 бағыттағы жолаушылар автобусымен соқтығысып, екі тарап та жеңіл жарақат алып, іс жабылған.
Жолда абай болыңыздар, жұлдыздар!
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/350819-bajkanyz-zholda-zhyldyz-foto/