jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Әуесқой әнші ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

    : UGC

    Бала күнінен мектептегі жиын-кештерде домбырамен ән салып жүрген Нұрым Қуаныш алдымен интернет желісі арқылы танылып, енді кәсіби әншілікті қолға алмақшы. Қазірдің өзінде музыкалық арнайы білімі болмаса да, меркілік жігіттің әнін тыңдайтындар көбейіп, ол ел көлемінде таныла бастаған.

    Мектепте оқып жүрген кездің өзінде-ақ оның аудан жастары арасында айтарлықтай танымалдылығы да болған. Университетке түсе алмаған түлек оқуды келесі жылға қалдырып, жанына гитараны серік етіпті. 

    Бұл аспапта ойнау үшін арнайы дәріс алмаса да, интернет-сабақтар арқылы естіген әуендерін қайталап, үй жағдайында гитара шертуді үйренген.

    Нұрым Қуаныштың әнін тыңдаған жолдастары қасында жүріп, қызықты сәттерден үзінділерді Уoutube желісіне жүктепті.

    "Алғашында  бір дүниені іздеп, интернетті аша қалсам, өзімнің видеоларымды көріп қалдым. Қарасам жазылушылар саны да аз емес. Айтылған пікірлер де жаман емес. Қолдау көрсетіп, өнеріме тілек білдіргендерді көріп шын қуандым. Аз уақыттан кейін мені көрсе суретке түсетіндер пайда бола бастады", - дейді Нұрым Қуаныштың өзі.

    "Енді әншілікпен кәсіби тұрғыда айналысуды бастадым. Бұрындары орындаушысы бар халық әндерін айтып жүрсем, енді жеке шығармашылығымды қалыптастырып жатырмын деп айта аламын. Жұмыс істейік деп хабарласатындар да көбейді. Қазірге продюсерім жоқ. Ешкіммен жұмыс істеуге нақты келіскен жоқпын. Алдағы уақытта ол да болып қалуы мүмкін", - дейді жігіт.

    Нұрым Қуаныш болып танылғалы жас жігіттің аяғын жерге тигізбей, Қазақстанның әр облысынан қуанышты кешіне шақыратындардың қатары да көбейіпті. Оның әлеуметтік желідегі парақшасындағы суреттеріне қарасақ той-бизнесінде үлкен сұраныстағы әншілер шақырылатын кештерге жиі баратын сыңайлы. 

    Танымал жұлдыздарымыздың арасынан жас әншіге жол сілтеп, қолдау көрсететіндер де табылған сыңайлы. Нұрымның өзі қазірге бұны құпия ұстап отыр.

    Қазір интернет желісінде Нұрым Қуаныштың 200-ден астам әуесқой түсірілімдегі видеосы тараған. Ең азының көрермені 1000-нан асады. Ең көп қаралғаны миллионға жеткен.

    Суреттер Нұрым Қуаныштың инстаграм парақшасынан алынды.

    Әуесқой әнші ғаламтор жұлдызына айналды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.