jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АС
    Акырыс Сейтказы
    Бұрынғы қызметкер

    Төреғалидің қысқа юбка туралы әні қыздарға ұнамай қалды

    : UGC

    Алашқа ақындығымен танылған өнерпаз, ән әлеміне бет бұрғалы мәтінге мән беруді қойған сыңайлы. Той әндерінің жетегінде жүрген жігіттің соңғы синглы, тіпті, белден төмен түсіп кеткен.

    Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.

    «Бір түрлі қызынан» кейін, Төрештің репертуары 100 % өзгергендей. Мәселен, жақында ғана тұсауы кесілген трегін тыңдасаңыз, табыстың көзін Шымкенттен тауып жүрме деп қаласыз.

    Хитмен жаңа әнінде шырайлы Шымқаланың аруларын асыра мақтап, тіпті «қысқа белдемшенің» аудармасын таба алмай қатты сасқан.

    Тек бұл әнге енген өлең жолдары, өзге өңір аруларына жақпай қалса керек. Олардың Төреғалиға деген өкпе-реніші қара қазандай.

    - Мен Төреғалимен келіспеймін. Себебі әр жақта қысқа киетін де, ұзын киетін де қыздар болады. Ол деген бүкіл қыздардың атынан, «жаңағы шымкенттік қыздар кимейді, басқа жақтікі киеді» дегендей әңгіме айтуға болмайды, - дейді бойжеткендердің бірі.

    - Тек қана Шымкент емес, басқа өңірлерде де мини-юбка кимейтін қыздар бар, - дейді тағы бірі.

    Ал бір аймақтың көңілін аулаймын деп, өзге өңірдегі сұлулардың сынына қалған Төреғали бұл олқылықтың орынын қалай толтырыр екен?

    Тағы оқыңыздар:

    Головкинге тіл тигізген Қуат Хамитті жас балуан жекпе-жекке шақырды (фото)

    Forbes тізіміне енген Қазақстандағы ең бай миллиардерлер кімдер?

    ОҚО-да екі депутат төбелесіп, бірінің миы шайқалды (фото)

    Әлемдегі ең қарт миллиардер 101 жасында көз жұмды

    Жанкүйерлер Головкиннің Джейкобсты жеңгеніне күмән келтірді

    Төреғалидің қысқа юбка туралы әні қыздарға ұнамай қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.