jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ернін үлкейтіп, ашық киінген қазақ қызы өзін сынағандарға жауап берді (видео)

    : UGC

    Бірінші арнадағы "Бір сұрақ" бағдарламасына келген бойжеткен мамандар тарапынан сынға қалды. Ернін үлкейтіп, омырауын ашып жүрген ару өзіне қатты сөздер айтқандарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: Видеодан кадр
    Фото: Видеодан кадр: UGC

    Ернін үлкейтіп, ашық киінгенді ұнататын қазақ қызы бағдарламаның басты кейіпкері болды. Оның сырт келбеті ток-шоу барысында келген қонақтардың жаппай сынына қалды.

    Бірі аруға салт-дәстүрді сақтап, қазақи нақыштағы киімдер киіп жүруге кеңес берсе, енді бірі оның мұндай келбетімен жігіттердің назарын аудара алмай жүргенін сөз етті.

    Бойжеткеннің сөзінше, ол ешқашан пластикалық отаға жүгінбеген. Бар болғаны ернін үлкейтіп, өзін-өзі күткенді жақсы көреді екен.

    "Алғаш рет 21 жасымда ернімді үлкейттім. Ол кезде 200 доллар тұратын...Барлығы өзімдікі. Тек кірпік өсіріп, 2-3 айда перманентный макияж бровей жасатамын", - деді ол өз сөзінде.

    Мамандардың сөзінше, бойжеткен жай ғана заманның құрбанына айналған.

    Бағдарлама барысында қыздарды біреуге ұнап, лайк жинау үшін осындай қадамға бармауға шақырған фотографтың сөзі бойжеткеннің ашуына тиді.

    "Сіз менің жан дүниемді білмейсіз. Ойларыңыз жаман екен. Жан дүниелеріңіз дұрыс емес. Не интелегентныйсыз", - деп жауап берді сылқым.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.