jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    Ресейлік танымал әншімен сүйіскен Назима желіде қызу талқыға түсті (видео)

    : Instagram

    Ресейдің Black Star продюсерлік орталығының құрамына кірген қазақстандық әнші Назима Жәнібекова өзімен ұжымдас әріптесі Миша Марвинмен сүйісті. Бұл жағдай шымкенттік арудың жаңа бейнебаяны кезінде орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Назима мен Мишаның арасында сезімнің бар екені жайлы біраз уақыттан беріп айтылып жүр.

    Қос әртісті жұп деп ойлап жүрген елдің болжамын Жәнібековның жаңа клипі одан бетер ушықтырып жібергендей болды.

    Өнер иелері ол туындыда ғашықтардың рөлін сомдап, видео соңында сүйіседі.

    Бір орталықта жұмыс істейтін жұлдыздардың қарым-қатынасы жөніндегі қауесеттер жанданып, екеуі тағы да қызу талқыға түсті.

    Желідегілердің бірі оларға шын жүректен бақыт тілеп қуанып жатса, енді бірі сәбиі бар қазақ әншісінің бұл қылығы үшін сынға алуда.

    "Кездесіп жүргендері рас болып шықты ғой" , "Күтпеген жағдай, расымен берге ме?" , "Бұны қалай түсінеміз? Жігіті ма сонда?" , "Керемет жұп, шын қуаныштымын" , "Бақытты болыңдар" , "Жақсы жарасасыңдар" , "Өз көзіме өзім сене алмай тұрмын" , "Миша екеуін бір-біріңе сондай жарасасыңдар" , "Ұят емес пе" , "Клипіңізді қызыңыз қарайды ғой " , "Пиар үшін не істемейсің" , - деп жаздуа көпшілік.
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Айта кетерлігі, Назима бейнебаянын Қазақстан жерінде Шарын шатқалында түсіруді жөн көрген.

    Оған қоса, клипінде ол қазақша бұйымдарды тағып түскені үшін халықтың жылы лебізіне ие болған.

    "Назима ұлттық бұйымдарды киіп шыққан. Клип Қазақстанда түсіріліді. Одан артық не бақыт керек?", "Қазақилығын мақтан тұтқан қыз, жарайсың" , "Өз елінде түсірген керемет" , - деп жазуда халық.
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.